Өзбекстан СІМ: Ауғанстаннан Өзбекстан аумағына бес снаряд құлады

0
666

Термез қаласы "Мажнунтол" махалласындағы төрт жер үйге болмашы зақым келген, бесінші снаряд футбол алаңынан табылды.


Өзбекстан СІМ: Ауғанстаннан Өзбекстан аумағына бес снаряд құлады

ERNUR.KZ. 5 шілдеде Өзбекстанның шекара аумағына болжам бойынша Ауғанстан жақтан ұшып келген бес реактивті снаряд құлады, деп жазады ҚазАқпарат.

«2022 жылдың 5 шілдесінде сағат 16.20-да Өзбекстанның шекара аумағына бес реактивті снаряд құлады. Алдын ала мәлімет бойынша, олар Ауғанстан аумағынан ұшырылған», - деді СІМ.

Ведомствода атап өткендей, снаряд құлағанда жарылмаған, ешкім зардап шекпеген және ештеңе қирамаған. Термез қаласы "Мажнунтол" махалласындағы төрт жер үйге болмашы зақым келген, бесінші снаряд футбол алаңынан табылды. Табылған снарядтарды саперлер залалсыздандырды.

Қазіргі уақытта Өзбекстанның жауапты органдары ауған тарапымен бірлесіп оқиғаның себебін анықтап жатыр.