Бұл өлім жағдайы тек Папуа-Жаңа Гвинеяда ғана емес, барлық Меланезия бойынша алғаш рет тіркеліп отыр.
ERNUR.KZ. Папуа-Жаңа Гвинеяда коронавирус жұқтырған бірінші науқас көз жұмды, деп хабарлайды Хабар24.
48 жастағы марқұм әйел ел астанасы Порт-Морсбидің бас клиникасында емделіп жатқан. Ол сонымен қатар төртінші сатылы сүт безі қатерлі ісігінен зардап шеккен.
Папуа-Жаңа Гвинеяда COVID-19-дың бар болғаны 17 жағдайы тіркелген, оның алтауы Порт-Морсбиде соңғы бес күнде анықталды.
Коронавируспен байланысты бұл өлім жағдайы тек Папуа-Жаңа Гвинеяда ғана емес, барлық Меланезия бойынша алғаш рет тіркеліп отыр.