Коронавирус инфекциясына қарсы препарат бірінші болып медицина қызметкерлері мен мұғалімдерге салынады.
ERNUR.KZ. Ресейдің Н.Ф.Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы әзірлеген корнавирус инфекциясына қарсы вакцинаның сынақтан өткізілді. Оны тіркеуге арналған құжаттар дайындалуда, деп жазады ҚазАқпарат.
«Гамалея орталығы әзірлеген коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны сынақтан өткізу аяқталды. Қазір тіркеу ррәсіміне арналған құжаттар пакеті дайындалуда», - деді РФ Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко.
Министрдің айтуынша, орталық әзірлеген коронавирус инфекциясына қарсы препарат бірінші болып медицина қызметкерлері мен мұғалімдерге салынады.
Мурашко Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялауды қазан айында бастайтынын хабарлады.
Министр Ресей жөніндегі тұтынушылар құқығын қадағалау «Вектор» вирусология және биотехнология мемлекеттік ғылыми орталығы әзірлеген тағы бір вакцина клиникалық зерттеу сатысында екенін айтты.
Сонымен қатар, Ресей Денсаулық сақтау министрлігі алдағы 1,5-2 айда коронавирусқа қарсы тағы екі вакцинаны еріктілерге клиникалық сынақтар жүргізуге рұқсат алуға өтініш береміз деді.