Шымкентте 1 мамырдан бастап «Төлем» жүйесінің валидаторлары ажыратылады

0
168


Шымкентте 1 мамырдан бастап «Төлем» жүйесінің валидаторлары ажыратылады

Биылғы жылдың 1 мамырынан бастап Шымкент қаласының қоғамдық көліктерінде «Tөлем» жүйесінің валидаторлары толығымен ажыратылатыны хабарланды.

Бұл шешім «Tөлем» жүйесінің операторы – «Qaz SmartTrans» ЖШС шарттық міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамағанына байланысты қабылданды. Осыған орай, тараптар арасындағы келісімшарт біржақты бұзылды.
Қоғамдық көлік пайдаланушыларын алдын ала құлақтандыру мақсатында валидаторларды өшіру процесі 1 мамырға дейінгі уақыт аралығында жүзеге асырылып келді. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы бірнеше рет хабарланған болатын.
Бүгінгі таңда қалалық бағыттарда «Avtobys» электрондық төлем жүйесі тұрақты және толыққанды жұмыс істеп тұр. Бұл жүйе арқылы:
-арнайы көлік карталарымен;
-QR-кодты сканерлеу арқылы;
-екінші деңгейлі банктердің төлем карталарымен (Visa, MasterCard, American Express, UniPay);
-сондай-ақ «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы төлем жасауға болады.
Сонымен қатар, «Avtobys» жүйесінің операторы қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу тәртібін бақылау мақсатында ревизиялық қызмет ұйымдастырылатыны хабарланды.
Бөлісу