Елдің төтенше жағдай министрлігі технологиялық процестің дұрыс орындалмауынан жарылыс болғанын айтады.
ERNUR.KZ. Рязань облысында оқ-дәрі өндіретін «Эластик» зауытында жарылыс болды, деп жазады 24.kz.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқиғадан 15 адам қаза тапқан. Жарылыстан кейін ғимаратта өрт шықты.
Мамандар 160 шаршы метр аумақты қызыл жалынға оранғанын айтады. Жарақат алғандар да бар. Елдің төтенше жағдай министрлігі технологиялық процестің дұрыс орындалмауынан жарылыс болғанын айтады.
Тергеу ісі басталды. Белгілі болғандай, жарылыс кезінде цехта 17 жұмысшы болған.