Зардап шеккен жасөспірімдердің барлығы ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Ресейдің Брянск қаласындағы мектептердің бірінде атыс болып, екі адам қаза тапты, бес оқушы жараланды, деп жазады Azattyq Ruhy.
РИА-Новости хабарлауынша, қайтыс болғандардың бірі – атыс ұйымдастырған 8-сынып оқушысы. Ол өзіне қол жұмсап көз жұмған.
«Оқушылардың бірі №5 гимназия ғимаратына атыс қаруын әкеліп, бірнеше рет оқ атқан, соның салдарынан екі адам қаза тапты, бес адам зардап шекті. Артынша жасөспірім қыз өзіне қол жұмсады», - делінген хабарламада.
Зардап шеккен жасөспірімдердің барлығы ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.