Түркияда өткен наразылықтан кейін 400-ге жуық адам қамалды

0
192

​Шерулер Ыстамбұлда өткен.


Түркияда өткен наразылықтан кейін 400-ге жуық адам қамалды

Фото: Reuters

ERNUR.KZ. Ыстамбұлда жаппай наразылық өтіп, қоғамдық тәртіпті бұзған жүздеген адам ұсталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ВВС-дің жазуынша, 1-мамырда рұқсат етілмеген наразылық шараларын басу мақсатында 50 мың полицей жұмылдырылып, жүздеген адам ұсталып, қоғамдық көлік қызметі тоқтатылды.

2013 жылдан бері наразылық акцияларын өткізуге тыйым салынған Таксим алаңы толықтай жабылды, оған баратын жолдарды тәртіп сақшылары жапқан. Полиция мен наразы топтар арасында қақтығыс болған.

Наурыз айында Стамбул мэрі, оппозиция өкілі Экрем Имамоғлының тұтқындалуы ел ішінде наразылықтың күшеюіне себеп болды. Ол 2028 жылғы президент сайлауына түссе, Режеп Тайып Ердоғанның негізгі қарсыласы болмақ.

Әдетте халық көп жиналатын Таксим алаңы биыл мүлде бос қалған. Көптеген дүкен мен мейрамхана жабық болған. Алаң темірмен қоршалып, тәртіп сақшылары арнайы құжаты барларды ғана өткізген. Қызыл жалаулары мен гүл шоқтарын ұстаған бірнеше кәсіподақ өкіліне Республика ескерткішіне баруға қысқамерзімді рұхсат берілген.

Оқиға орнынан түсірілген видеоларда суатқыш көліктер мен жүздеген арнайы жасақ көлігі көрінген. Туристердің кейбірі жол жабық болуына байланысты адасып, такси таба алмай қиналған.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Түркия билігін Таксим алаңындағы шерулерге қойылған тыйымды алып тастауға шақырды.

AFP агенттігінің хабарлауынша, 1 мамырға дейін Таксимге кіруге тырысқан 100-ден астам адам ұсталған. Ал бейсенбі күні таңертең қала билігі рұқсат етілмеген шерулерге қатысқаны үшін 382 адамның қамауға алынғанын мәлімдеді.