​Арықтай алмау - адамның жасына да байланысты

0
278

Мамандар адамның жасы мен арықтау мәселелерінің бір-бірімен байланысы бар дейді.


​Арықтай алмау - адамның жасына да байланысты

Жас келген сайын ішкі ағзалардың жұмысы да баяулай бастайды. Шетелдік эндокринологтар бұл қалыпты жағдай деп отыр. Дегенмен адам қанша жасқа келсе де арықтауға мүмкіндік бар екен. Ол үшін дәрігерлер ұсынған тамақтану мәзірін пайдаланып, сол бойынша дұрыс тамақтануды қолға алатын болса болғаны.

Әсіресе 50 жастан асқандарға арықтау қиынға соғады. Олар өз ағзаларын бұрынғыдай, яғни, жас күнімдегідеу жұмыс істейді деп ойлайды. Алайда өзі қалай қартайып жатса, ағзалардың да солай «қартаятынын», жұмысы бұзылып, тіпті, әлсірейтінін де естен шығармау керек.

40-50 жастан асқандарға арықтау үшін төмен калориялы тағамдарға басымдық беріп, құрамы жасұныққа, ақуыз бен майларға бай тағамдарды жеуді ұсынады. Мысалы, көбіне брокколи, гүлді қырыққабат сынды көкністерді қолдану қажет. Бұлардың құрамында бос радикалдаарды бұғаттайтын антиоксиданттар бар. Оның үстіне қырыққабатта қарынның ұзақ уақыт бойы тоқ жүруіне септігін тигізетін жасұнық өте көп. Сол себепті де жоғарыда айтылған қырыққабаттармен бірге саумалдық, романо, мангольд және басқа да салат жапырақтарын ас мәзіріне қосуға кеңес береміз.

40-50 жаста адамдар өз денсаулығына немқұрайлы қарайды. Бұл кезеңде бала-шағаның қамы, жұмысбастылық тағы басқа дүниелер оларға денсаулығын күтуге еш мұрша бермейді. Бәрі де түсінікті. Дегенмен, әр адам өз өмірінің қожайыны деп бекер айтылмаған. Қанша жаста болсаңыз да ұзақ өмір сүру үшін бұл тұрғыда немқұрайлылық танытуға болмайды.

50 жастан асқандарға арналған кешкі ас мәзірі

Эндокринолог дәрігерлердің айтуынша кешкі асты ұйқыға жатардан 2-3 сағат бұрын ішкен дұрыс. Егер кешкі асты түнгі 10-11-лерде ішіп, төсекке жантая кететін болсаңыз, бұл ас қорытылып үлгермейді. Ағза түнімен жұмыс істеп, осы тағамды сіңіруге күш жұмсайды. Сіз ұйықтағандай боласыз, бірақ ішкі ағзалар ұйықтамайды. Соның әсерінен де таңертең өзіңізді жайсыз сезініп, асқазанға ауырлық түскендей күйде боласыз. Осындай жайсыздықты сезінгіңіз келмесе, кешкі асқа мынадай тағамдарды әзірлеңіз:

  • Тауық еті;
  • Балық;
  • Сүзбе;
  • Көкөністер;
  • Майсыз тағамдар.

Гарнир ретінде қатты сұрыпты бидайдан жасалған макарондар мен майсыз дайындалған жармаларды жеу ұсынылады. Кешкі асты буда пісіруге, қайнатуға немесе пеште пісіруге болады.

Тағамды шайнамай жұтпаңыз. Асығыс тамақтануға болмайды. Жас келген сайын асты көп шайнаған пайдалы. Сонымен қатар ас ішу кезінде сізді алаңдататын немесе көңіліңізді аударатын теледидар немесе ұялы телефонға қарамаған дұрыс. Осындай жағдайда ғана салмақты бірқалыпты ұстап тұруға болмаса салмақ тастауға мүмкіндігіңіз бар. Олай жасмайтын болсаңыз, керісінше семіріп кетуіңіз ғажап емес. Сондықтан да дәрігерлер 40-50 жастан кейін тамақтануға ерекше назар аудару керек деп үнемі айтып отырады. Күнделікті тамақтану тәртібіне көңіл бөлетін болсаңыз, тек денсаулығыңыз жақсарып қана қоймай, арықтауға да қол жеткізесіз. Ендеше іске сәт!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Стрестік жағдайлар тамақты көп жеуге итермелей ме?