Вирустан көз жұмғандардың саны ел бойынша 4 320-ке жетті.
ERNUR.KZ. Ұлыбританияда соңғы тәулік ішінде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың ең жоғарғы көрсеткіші тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қайтыс болғандардың саны 708-ге жетті, арасында 5 жасар бала да бар. Осылайша вирустан көз жұмғандардың саны ел бойынша 4 320-ке жетіп, ал оны жұқтырғандар саны соңғы мәліметтерге сай 42 мың адамнан асқан. Елдің денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкок азаматтарды карантинді сақтап, үйде отыруға шақырып жатыр. Сондай-ақ Букингем сарайы коронавирустық пандемияға байланысты Елизавета II-нің халыққа арнайы телевизиялық үндеу жазғанын хабарлады. Бұл оның 68 жылдық ел басқаруындағы бесінші үндеуі болмақ, елдегі жағдайдың күрделілігін осыдан-ақ аңғаруға болады.
– Адамдардың басым көпшілігі кеңестерді басшылыққа алып, үйден шықпай отыр. Дегенмен карантин тәртібін бұзатындар әлі де бар. Олар қандай да бір қажеттіліксіз көшеге жиі шығады. Мен бұл ескертулер жайында жиі айта да бергім келмейді, себебі тұтас ел бұл дағдарыстан тезірек шыққысы келеді, - дейді Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкок.