Үндістан Пәкістаннан келетін ұшақтарға әуе кеңістігін жапты

0
159

Бұл шешім 23 мамырға дейін сақталады.


Үндістан Пәкістаннан келетін ұшақтарға әуе кеңістігін жапты

ERNUR.KZ. Үндістан 30 сәуірден бастап Пәкістаннан келетін рейстер үшін өзінің әуе кеңістігін толық жапты. Бұл шешім дереу күшіне енді және 23 мамырға дейін күшінде болады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Аталған шара Исламабадтың осыған ұқсас қадамына жауап ретінде қабылданды. Екі ел арасындағы шиеленіс 22 сәуір күні Үндістан бақылауындағы Кашмирдегі Пахалгам қаласында орын алған лаңкестік шабуылдан кейін күшейді. Шабуыл салдарынан 26 адам, оның ішінде туристер қаза тапты. Нью-Дели шабуылға Пәкістанды айыптады. Ал Исламабад бұл айыптауларды жоққа шығарып, халықаралық тергеу жүргізуді ұсынды.