Мемлекет басшысы Канаданың Премьер-министрін құттықтады

0
205


Мемлекет басшысы Канаданың Премьер-министрін құттықтады

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев федеральдық сайлауда Канада Либералдар партиясының жеңіске жетуіне орай Премьер-министр Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Астананың Оттавамен көпжоспарлы серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар экономиканың түрлі секторындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.