23 маусымда Шатуновтың директоры Аркадий Кудряшов әнші инфаркттан қайтыс болғанын хабарлаған болатын.
ERNUR.KZ. "Известия" газеті мен Shot телеграм-арнасы "Ласковый май" солисі Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жариялады, - деп жазады tengrinews.kz.
Видеоға 48 жастағы әнші қайтыс болмас бұрын жарты сағаттағы оқиғалар түсірілгені айтылған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрларда екі ер адам әрең жатқан Шатуновты жол талғамайтын көліктен түсіріп, ғимаратқа көтеріп кіргізіп бара жатқаны көрінеді.
Кейін жедел жәрдем келіп, Юрий Шатуновты Домодедово ауруханасына жеткізген. Сағат 00:20-да ол жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Дәл сол сәтте жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер Шатуновты аман алып қала алмаған.
Еске салайық, 23 маусымда Шатуновтың директоры Аркадий Кудряшов әнші инфаркттан қайтыс болғанын хабарлаған болатын.