Зеленский қақтығыстың 17-ші күнін қорытындылады

0
739

Бұл туралы президент Владимир Зеленский журналистермен кездесуінде айтты.


Зеленский қақтығыстың 17-ші күнін қорытындылады

ERNUR.KZ. Украинада бір күнде 13 мың бейбіт тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп жазады «Хабар 24».

Бұл туралы президент Владимир Зеленский журналистермен кездесуінде айтты. Ол 11 минутқа созылған сөзінде ел аумағындағы әскери қақтығыстың 17-ші күнін қорытындылады. Сондай-ақ Украина мен Ресей делегацияларының келіссөзі видеобайланыс түрінде үздіксіз жалғасып жатыр. Арнайы жұмыс топтары құрылған. Бұл ақпаратты Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк жеткізді.

Ресейлік басқыншылар бізді жаулап ала алмайды. Оларда мұндай күш, мұндай рух жоқ. Олар тек зорлық-зомбылық, террорлық әрекет пен қыруар қару-жараққа ғана сүйенеді. Бұл басқыншылар қалыпты өмір сүру дегенді атымен білмейді, адамдарға бақыт пен арман сыйлай алмайды. Ресейдің аяғы тиген жат жерде армандау мүлде мүмкін болмай қалады, – деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Бұдан басқа, Зеленский Ресей әскері Мариупольді тоқтаусыз атқылап жатқанын хабарлады. Толық оқшауланып қалған қала тұрғындарына бүгін Украина тарапынан гуманитарлық көмек жеткізілуі тиіс.