КӨКТЕМ, ЖАЗ, КҮЗ, ҚЫС: Көлікті ҚАЙ КЕЗДЕ, ҚАЛАЙ күтіп-баптау керек?

0
1 354

Әр маусымда белгілі бір аймақтарды тазалау, қалпына келтіру және қорғау қажет.


КӨКТЕМ, ЖАЗ, КҮЗ, ҚЫС: Көлікті ҚАЙ КЕЗДЕ, ҚАЛАЙ күтіп-баптау керек?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Автокөліктің ішіндеге немесе сыртындағы дақтардың, тотығудың және зақымданудың алдын алу үшін әр маусымда белгілі бір аймақтарды тазалау, қалпына келтіру және қорғау қажет.


Сондықтан бүгінгі мақалада біз мыналарды қарастырдық:

Жылдың әр мезгілінде көлікке қалай күтім жасау және қорғау керек;

Салон мен корпустың қыс, көктем, жаз бен күздегі айырмашылықтары;


Атап өтсек, маусым өзгерген кезде табиғат та көліктің корпусы және бояуларымен әртүрлі сипатта әрекеттеседі. Мысалы, жазда көлікке зиянды ультракүлгін сәулелер әсер етсе, күз бен көктемде жаңбыр мен шаң, қыста қар басқан жолдарға себілген тұз бен кір және аяз зақым келтіреді.


Осыған байланысты жылдың әр мезгілінде шанақ пен салонға күтім жасау тәсілдері өзгереді. Мысалы, жылы мезгілде сіз корпусты тазалауды, жылтыратуды және құрғақ тазалауды еш қиындықсыз жасай аласыз. Ал, қыста мұны тек бокста немесе гаражда жасауға болады. Қысқасы, көлігіңізді жыл бойы әдемі ұстау үшін кеңестерге құлақ асыңыз.


КӨКТЕМДЕ КӨЛІККЕ ҚАЛАЙ КҮТІМ ЖАСАУ КЕРЕК?

Көктемде күн жылынып, қар ери бастайды. Көктем – қыстың суық айларынан кейін көлігіңізді қалпына келтіруге және оны алдағы жылы ауа-райына дайындауға тамаша мезгіл. Дәл осы сәтте кей жүргізушілер қысқы шиналар мен қарапайым дискіні шешіп, әдемі дөңгелектер салып жатады. Тура саябақтардағы жылы киімдерін шешкен қыздар сияқты...

Көктем – тазалық уақыты. Сондықтан көктемнің басындағы жауын-шашын кезінде көлікті таза ұстауға тырысыңыз.

Көктем – корпустағы, доңғалақ пен қозғалтқыштағы балшықты, дақтарды, қыстан қалған жол тұзының қабатын тазартатын уақыт.

Көлікті мұқият жуыңыз және корпусты тазалаңыз;

Қозғалтқышты және капот астындағы кеңістікті тазалаңыз;

Салонды ретке келтіріңіз;

Салондағы иістерді кетіріңіз.


ЖАЗ ЖАҚЫНДАҒАНДА КӨЛІКТІ ЫСТЫҚ МАУСЫМҒА ЖӘНЕ ДЕМАЛЫСҚА ДАЙЫНДАЙМЫЗ

Себебі, жаз – бүкіл әлемге көлігіңізді көрсетудің ең жақсы уақыты. Бұл саяхаттау, саяжайларға бару және демалу уақыты. Сонымен қатар, жаздағы ыстық күннің ультракүлгін сәулелері LCD, яғни бояу қабаты үшін зиянды. Жалпы, жаз – автомобиль корпусын жылтырату және қорғау уақыты.

Көліктің «денесін» жылтыратып тазалаңыз;

Жылтыраған денені қорғау жолдарын қарастырыңыз;

Пластмассадан жасалған салонды ыстықтан қорғаңыз.


КҮЗ. КӨЛІКТІ ҚЫСҚА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУҒА БОЛАДЫ?

Күз – ауа температурасы тым суық болмай тұрып, алдағы қысқа дайындалу үшін тамаша уақыт. Аязда көлікті жуу арасындағы интервал артады және көбіне жуудан кейін көлік бірден тазара салмайды. Демек, аязға дейін денені қорғау тәсілдерін іске асырған дұрыс.

Аяз алдында көліктің корпусын қорғау үшін арнайы қорғаныс қабатын жағуға болады;

Дененің төменгі бөліктеріне, әсіресе қыста жол тұзы мен кірдің әсеріне ұшырайтын табалдырықтарға назар аудару маңызды;

Алдыңғы әйнекті тазалаңыз және қорғаңыз, Себебі күз бен қыста ауа райы ұбылмалы болып, жолды көру нашарлайды;

Резеңке төсеніштерді қолдануды бастаңыз.


ҚЫСТА КӨЛІККЕ КҮТІМ ЖАСАУ

Қыста ауа температурасы төмендейді, көліктің сыртында да, ішінде де кірдің мөлшері арта түседі. Бұл автомобиль үшін ең жағымсыз кезең. Сондықтан көліктің сыртқы бояу қабатына ғана емес, ішкі салонына да күтім жасау керек болады.

Қыста көлікті далада жумаған жөн. Себебі, шашылған су да, көбік те қатып қалса, кетіру қиын болады. Сондықтан қыста көлікті жылы бокстарда жуып, ол жерден шанақты толық кептіргеннен кейін ғана шығуды ұсынамыз;

Жиналған кірді кетіру үшін қыста кем дегенде айына бір рет карпетті, кілемшелерді және қаптаманы тазалауды ұсынамыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Әлем әйелдері ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕРГЕ қызығады?


Көлігіңіз болса, осындай құрылғылар алған жөн