Көлігіңізде кондиционер жоқ па? САЛҚЫНДАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ БАР

0
1 690

Автокөліктің ішіндегі ыстықты кондиционерсіз жеңудің бес әдісі.


Көлігіңізде кондиционер жоқ па? САЛҚЫНДАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ БАР

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кейбір себептерге байланысты жүргізушілер ыстықта кондиционерсіз, терлеп-тепшіп көлік жүргізуге мәжбүр болады. Мысалы, көліктің ауа салқындатқышы істен шығуы немесе автомобиль кондиционермен жабдықталмаған болуы мүмкін. Ал, кей жүргізушілер жанармай үнемдеу үшін кондиционерді қоспауы ықтимал. Сондықтан, бүгін біз кондиционерді немесе климаттық бақылауды қолданбай-ақ, көлік салонындағы ыстықты жеңудің негізгі әдістерін қарастырамыз.


Терезені ашу

Көліктің терезесін ашып жүру – салқындату жүйесін қоспаудың белгілі әдісі. Яғни, терезені ашып жүргенде жылдамдық неғұрлым жоғары болса, салон іші соғұрлым тез салқындатылады. Бірақ, жанармай шығыны да көптеу болатынын естен шығармаңыз.

Сонымен қатар, мұндай әдісті қолданғанда салондағы шу деңгейі жоғарылап, шаң-тозаң, жәндіктер және басқа да сыртқы ластаушы заттар ауа сүзгісінен өтіп, тікелей салонға өтіп кетіп жатады. Тіпті, кейде шаң-тозаң немесе майда жәндіктер жүргізушінің көзіне кіріп кетіп, көлікті басқару қиындап кетуі де ықтимал.

Сондай-ақ, ашық терезеден соққан ауа ағыны жүргізуші мен жолаушылардың басын, мойнын немесе құлағын ауыртуы мүмкін. Сондықтан салонда 1-2 ғана адам болса, алдыңғы терезеден бөлек, артқы терезенің бірін сығалатып қою қажет. Сонда ауа ағыны салонның артқы жағына түсіп, ауру қаупі азайып, көзге шаң-топырақ кіру де бәсеңдейді.


Көліктің іші ысуына жол бермеңіз

Кондиционер жұмыс істемесе немесе мүлдем жоқ болса, көлігіңіздің күннің астында, яғни ыстықта тұрмағанына көз жеткізіңіз. Ағаштардың немесе үйлердің көлеңкесі түсіп тұұрған тұрақ іздеңіз. Сондай-ақ, тұраққа қойылған көлікті арнайы жылтырақ жабумен қымтаудың маңызы зор.

Сондай-ақ, күн ыстықта әйнектерге арналған арнайы жылу пленкасын пайдалануға болады. Атермальды пленка бірнеше қабаттан тұратын қараңғылау құралы болып саналады.


Қосымша желдеткішті пайдаланыңыз

Күннен қуат алатын батареямен немесе тоқ көзімен жұмыс істейтін көлікке арналған шағын желдеткіш салонды салқындату мәселесін кем дегенде ішінара реттей алады. Дегенмен, желдеткішті қоспай тұрып, терезелерді қысқа ғана уақытқа бір ашып, жауып, салондағы ыстық ауаны шығарып тастаған жөн.

Айтпақшы, бүгінде сатылымда 12 вольтты желдеткіштердің көптеген модельдері бар. Олар көліктегі 12 вольтты тоқ көздеріне және USB порттарына қосылады. Әдетте, мұндай құрылғылар алдыңғы әйнектің астына, артқы көрініс айнасына немесе бақылау тақтасына орнатылады. Сондай-ақ, темекі тұтандырғышымен жұмыс істейтін портативті кондиционерлерді сатып алуға да болады.


Өзіне-өзі көмек көрсету шаралары

Күн ыстықта кондиционері жоқ көлікті жиі айдап үйренген жүргізушілер дымқыл сүлгіні қолдану сияқты пайдалы әдістерді жақсы біледі. Оны мойынға немесе желдету режиміне қойылған жылытқыштың дефлекторларына іліп қоюға болады. Дегенмен, бұл әдістің салқындату әсері қысқа мерзімді болатындықтан, сүлгіні жиі-жиі сулап тұру қажет.

Сондай-ақ, күн ыстықта кондиционерсіз көлік айдайтындарға жеңіл киім, шорты және футболка кию ұсынылады.

Сонымен қатар, салондағы жоғары температураға төзу үшін жеңіл сүйретпе аяқкиім кию қажет. Себебі, аяқтың ысуы денеге ерекше әсер етеді. Одан бөлек, көптеген тәжірибелі жүргізушілер шаш пен құлақты ылғалдандыруды ұсынады.


Халықтық әдіс-тәсілдер

Тағы бір жүргізушілер халық жиі қолданатын тәсілдерді ұсынады. Мысалы, ішіне мұз толтырылған пластикалық бөтелкелер, әртүрлі контейнерлердегі мұз кесектері немесе термиялық сөмкелерге арналған салқындатқыш элементтерді қолдануға болады.

Мұндай салқындатқыштарды алдыңғы панельге қойып, кәдуілгі желдеткішті қосу қажет. Шын мәнінде, салонды салқындатудың бұл әдісі аса тиімді болмайды. Себебі, мұндай құрылғылар күрт тежеу кезінде аяғыңыздың астына түсіп кетіп, апатқа соқтыруы да мүмкін.

Бірақ, көлікке бір бөтелке салқын су мен шүберек салып алып, рөлді, орындықтар мен салонның басқа да бөліктерін оқтын-оқтын сүртіп тұру тиімдірек болады. Әсіресе, былғарыдан жасалған бөліктерге осы әдісті қолданған дұрыс.

Су буланып, беткі қабаттардың температурасы 5-10 градусқа төмендейді. Салонды салқындату үшін құрғақ мұзды қолдануға болмайды. Сублимация процесінде ол оттегінесыстырады және бұл тұншығуды тудыруы мүмкін.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЕҢ АЛҒАШҚЫ АВТОКӨЛІКТІ адамдар ҰНАТПАҒАН


ЕҢ МЫҚТЫ толық жетекті "СЕДАНдар"