Көлік рөлінде отырып дәрі ішетіндер де кездеседі.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Қазір көптеген көлік тізгіндеген адамдар, әсіресе ұзақ жолда такси қызметін атқаратындар ұйқыны ашып, сергек отыру мақсатында түрлі энергетик сусындарды тұтынады. Дегенмен, бұл әдіс сол сәтте пайдасын бергенімен, денсаулыққа кері әсері де жоқ емес. Сонымен қатар, көлік рөлінде отырып дәрі ішетіндер де кездеседі. Осы орайда, сала мамандары кейбір дәрілерді қолдануға болмайтынын айтады.
Рас, қазіргі әлемде біз өз өмірімізді көліксіз елестете алмаймыз. Себебі, ол арқылы күн сайын мыңдаған адам жұмысқа барады, балаларды мектепке немесе балабақшаға апарады. Сондықтан бұл біздің күнделікті әдетімізге айналып кеткендей. Сәйкесінше көптеген адам көлікті сергек күйде басқару керек екендігін және жолда болып жатқан оқиғаларға жедел «жауап беруді» талап ететінін ұмыта бастаған. Оған қоса, медицина мамандарының кеңестеріне құлақ түретіндер де азайып жатыр.
Ал, негізінде кез-келген дәрі-дәрмекті қолданар алдында дәрігермен кеңесіп, нұсқаулықты мұқият оқып шығу керек. Өйткені көптеген нұсқауларда көлікті басқару бойынша ұсыныстар бар. Егер препаратты өндіруші компания дәріні қолданғаннан кейін рөлге отыруды ұсынбаса, онда белгілі бір уақытқа сапардан бас тартқан дұрыс.
Атап өтсек, антидепрессанттар, аспирин, аллергияға қарсы және асқазан проблемаларына арналған дәрі-дәрмектер біздің концентрациямызға әсер етіп, реакцияны тежейді. Сондай-ақ, бұл препараттар ұйқышылдықты тудырады, көру мен бақылауға әсер етеді. Әсіресе, ұзақ сапарға шықпас бұрын бұл дәрі-дәрмектерді қабылдауға болмайды. Осы орайда, көптеген апаттар жүргізушілердің жолды бақылаудан шығарып алуынан туындайтынын айту керек.
Дәрі-дәрмектердің құрамы да маңызды. Олардың кейбіреулерінде аз мөлшерде алкоголь мен психоактивті заттар болуы мүмкін. Егер сіз кенеттен мас күйінде көлік жүргізді деген күдікке ілінсеңіз, олар медициналық сынақ нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін. Мұндай дәрі-дәрмектер қатарына: құрамында кодеин мен фенилэфрин бар жөтел мен суыққа қарсы препараттар, құрамында фенилэфрин, хлорфенамин, фенирамин және кодеиннің мас болуға талдау жасау үшін қауіпті фосфат, кофеин, фенобарбитал және кеторолака трометамині бар ауырсынуды басатын дәрілер жатады. Сондай-ақ, фенобарбитал мен кодеин спазмальгетиктер мен седативтерде кездеседі.
Автокөлікті басқарған кезде, бұлар қаупі жоғары құралдар екендігін ұмытпаңыз. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрі-дәрмек нұсқауларын мұқият оқып шығуды және оларды орындауды ұсынады. Сондай-ақ, дәрілік заттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың электрондық нұсқасын сіз әрқашан ҚР дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінен, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сайтынан таба алатыныңызды еске саламыз www.ndda.kz.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Екінші дүниежүзілік соғыстағы «ӨМІР ЖОЛЫ»: Бұл не және қалай жұмыс істеді?