Тежегіш жүйесінде ЖИІ ПАЙДА БОЛАТЫН ақаулар

0
1 261

Бұлар сіздің өміріңіз үшін өте маңызды.


Тежегіш жүйесінде ЖИІ ПАЙДА БОЛАТЫН ақаулар

Мамандардың айтуынша, жол апаттарының жартысы автомобильдің тежегіш жүйесінің ақауларына байланысты болады. Автокөлік жүргізушілері бұл жүйені жиі пайдаланатыны соншалық, олар оны үнемі тексеріп отыруды да естен шығарып, бұл төтенше жағдайларға соқтырып жатады. Дегенмен, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығы тежегіштердің дұрыс жұмыс істеуіне тікелей байланысты екенін бәрі түсінеді.

Жалпы, кез келген ауыл-аймақ, қалаларда қолжетімді бағаға автокөлікті диагностикадан өткізетін орталықтар бар. Сол арқылы тежеу жүйесінің әлсіз тұстарын уақытында анықтауға және оларды алдын-ала түзетуге болады. Нәтижесінде сіз жүйені күрделі жөндеуден өткізу мәселесінен құтыласыз және орын алуы мүмкін апаттан аман боласыз.

Тежегіштердің жұмысын әрдайым мұқият қадағалаңыз. Егер жүйенің тиімділігі төмендегенін байқасаңыз немесе дөңгелектердің бірі өздігінен сыр берсе, шұғыл түрде автокөлік жөндейтін орталықтарға жүгініңіз.


ТЕЖЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ АҚАУЛАРЫ:

1) Тежегіш жүйесінің әлсіреуіне:

тежегіш сұйықтығының ағуы;

гидравлика жүйесіндегі ауа қысымының төмендеуі;

тежегіш механизмдеріндегі алшақтықтың жоғарылауы;

жастықшалар мен барабандардың тозуы себеп болады.


Тежегіш сұйықтығы ағып кеткен жағдайда, автомобиль дөңгелектерінің түтіктері мен жұмыс цилиндрлерін тексеру ақауды табуға көмектеседі. Ағып кету фактісін резервуардағы сұйықтықтың тез азайып кетуінен оңай түсінуге болады. Егер осындай проблемаға тап болсаңыз, шұғыл түрде автосервистен көмек сұраңыз. Жүйенің ақаулы бөліктерін ауыстырғаннан кейін, жүйедегі ауа сорылып, тежегіш сұйықтықтың қажетті мөлшерімен толтырылуы керек.

Тежегіш механизмдеріндегі үлкен алшақтық педальді басқан кезде білінеді, яғни көлікті тежеу үшін педальді ұзақ немесе қайта-қайта басуға тура келеді. Бос орындарды реттеу жағдайды түзетуге мүмкіндік береді.


2) Тежеу жүйесінің біркелкі жұмыс істемеуі механизмдердің бірінің істен шықанынан хабар береді. Мұндай ақау тежеу кезіндегі сырғанауға және төтенше жағдайлардың пайда болуына соқтырады. Тежеу жүйесінің бұлай қызмет етуі мынандай себептердің салдары болып саналады:

цилиндрден тежегіш сұйықтығының ағуы;

цилиндрдегі поршеньдің дұрыс жұмыс істемеуі;

қаптамалардың майлануы;

дискілердің немесе барабандардың тозуы.


Поршеньді қалпына келтіру бөлшектеу, істен шыққан бөлшектерді алып тастау, тежегіш сұйықтығын тазалау және майлау арқылы жүзеге асырылады.

Қаптамалардың майлануы хаб тығыздағыштарының немесе жартылай осьтердің тозуына байланысты. Сондықтан алдымен осы механизмдердің мәселелерін шешіп, содан кейін түзетуді атқару керек.


3) Бір немесе бірнеше дөңгелектің ғана тежелуі мыналарға байланысты:

педальдың еркін басылуын реттеу кезіндегі қателіктер;

поршеньді ұстау;

серіппелі жастықшалардың істен шығуы.


Тежегіш жүйесінің кейбір кемшіліктерін өзіңіз-ақ жөндеп ала аласыз. Бірақ, күрделі ақауларды жою үшін автосервистердің мамандарына жүгінген дұрыс. Себебі, арнайы орталықта кез келген ақаудың орын алуы, оның пайда болуы сынды ақпараттарды алу үшін сраптамалар жүргізіледі. Ал, бұлар сіздің және жол қозғалысындағы өзге де адамдардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды.


Дайындаған Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Жүкті әйел көлікті ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗУІ КЕРЕК?


Көлік таңертең дұрыс оталмай ма? Не істеуге болады?