ДӘМДІ МӘЗІР: жаңғақ пен сәбізден дайындалған кекс

0
1 305

Кекс өте жеңіл әрі дәмді тәттілердің бірі. Дайындалу мәзірі де қиын емес. Керісінше таңғы асқа немесе бестің шайына тез арада пісіріп жіберсеңіз, шаймен ішкенге таптырмайды.


ДӘМДІ МӘЗІР: жаңғақ пен сәбізден дайындалған кекс


Қажетті қоспалар:

  • 2 дана жұмыртқа
  • 200 гр. ұн
  • 120 гр. қант
  • 160 гр. сәбіз
  • 110 гр. өсімдік майы
  • 70 гр. грек жаңғағы
  • 0,5 шай қасық ас содасы
  • Даршын дәмдеуіші


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен жұмыртқа, қант, өсімдік майын блендермен жақсылап араластырып аламыз.
  2. Сосын осы араласпаға ұн салып, тағы да араластыру керек. Даршын мен сірке суымен араласқан ас содасын қамырға қосып, барлығын араластырамыз.
  3. Сәбіздің қабығын аршып, тазалап жуып, майда үккіштен өткізіп аламыз. Грек жаңғағын майдалау керек.
  4. Енді қамырға үккіштен өткізілген сәбіз бен майдаланған грек жаңғағын салып, бір араластырып жіберсек болғаны.
  5. Қамырды формаға құйып, 180 градусқа қыздырылған пеште 40 минуттай пісіреміз.
  6. Дайын кексті суытып, кейіннен кесіп жей беруге болады.


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ДӘМДІ МӘЗІР: Ірімшік салынған шелпек-нан