Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады.
ERNUR.KZ. Алматыда жексенбіге қараған түні жеке үй, гараж және монша өртенді, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, - деп жазады Tengrinews.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады.
"Жетісу ауданы И.Крылов көшесіне, шақырту орнына жеткен өрт сөндірушілер монша, гараж және жеке үй өрттеніп, жалын көрші шаруашылық құрылысқа көшкенін анықтады", - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер дереу суды үздіксіз жеткізіп, әмбебап оқпандарды қосу арқылы өрттің көрші үйлерге тарау қаупін жойды.
200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.