​«АТАУ-КЕРЕ» дегеннің мағынасын білсеңіз, бұлай айтпас едіңіз

0
1 052

"Атау-кере" - соңғы дәм дегенді білдіреді


​«АТАУ-КЕРЕ» дегеннің мағынасын білсеңіз, бұлай айтпас едіңіз

фото: elarna.kz

Бұл сөзді әр адам өмірінде бір рет болса да естіп көрген шығар. Бірақ, бұл сөздің мағынасын түсіне қоймағандықтан, мән бермейді көп адам.

Алайда, әсіресе сәбиінен артылмайтын жас аналар немесе қарбаласып, ас ішуге уақыт таппай жүрген адам кейігенде «асымызды тыныштықпен отырып ішіп алайық» деген сөздің орнына «атау-керемізді ішіп алайық» немесе әйел күйеуіне ашуланғанда «атауыңды іш!» деп өктем сөйлейді.

Кім екенін айтпай-ақ қояйын, мен де ерлі-зайыптылардың бір-біріне ренжіп отырғанының куәсі болдым. Сонда дастархан басына шақырғанда келмей қойған күйеуіне әйелінің «атауыңды ішіп ал, сосын жатасың» дегенін естіп денем тітіркеніп сала берді.

Оның да ойында ештеңе жоқ, өйткені, бұл сөздің мағынасын білмегендіктен. Негізі «атау» сөзі адамның жан тәсілім етер шағындағы соңғы асы болып есептеледі.

Бұл дүниеден өтіп бара жатқан адамның соңғы демін «ант- мезгіл», ал оның ақырғы жұтқан дəмін(тамағын) «атау- кере» дейді. Науқастың не қартайып өмірден өтіп бара жатқан жанның ең соңғы асқа, яки бір жұтым суға ниет білдіруі кезінде мүмкіндігінше оның тілегін дер кезінде орындау парыз.

Қазақстанның шығыс аймақтарында атаукере деп айтылылса, ал басқа өңірлерде атау, атау суы немесе кере деген балама атаулары да бар. Бұл адамның жантәсілім етep алдында «бой жасау», «бой жазу» деп аталатын азғана бір сәтке сергіген кезінде арыздасып, бақұлдасқан соң атаукере шартты түрде аталған дәм, сусын беру атқарылған. Ең жақын туысы «Қолымнан татқан ең соңғы дәмің болсын», - деп, көбінесе су немесе сұйық тағам тамызады.

фото: multiurok.ru

«Атаукерең болсын», «атаукереңді ішкір» деген сияқты тағы басқа соңғы дәм дегенді білдіретін қарғыс мәніндегі сөз орамы құн тартып, басын (жанын) алатын түрлі жазаларды атқарар алдында қылмыскерге берілетін соңғы, ғұрыптық ас атаукере деп аталған деген кейбір дерек берушілердің мәліметі дәйекті деуге болады. Ал, қиналып жатқан жантәсілім етуге жақын қалған адамға иман айту, тілді кәлимаға келтіру кезінде оның ақтық демі шықпас бұрын аузына тамызатын діни ғұрыпқа байланысты туындаған арнайы су имансу деп аталады.

Ендеше, біле жүріңіз, «атау - кере» сөзінің асқа байланысты айтылатынымен, ол адам өмірінің соңғы сәтіндегі асы. Сондықтан, бұл сөзді мейлінше айтпағаныңыз дұрыс.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Әйелде ҚАЙЫНЖҰРТ болмайды


«КӨСЕГЕҢ КӨГЕРСІН!» - қыз балаға арналған тілек пе?