Дауыл салдарынан Алматының бас ботаникалық бағы жабылды

0
214

Қазіргі уақытта ағаштар құлап, бұтақтары сынғандықтан ботаникалық бақтың айналасында жүру қиынға соғып тұр.


Дауыл салдарынан Алматының бас ботаникалық бағы жабылды

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Дауылға байланысты Алматының бас ботаникалық бағы 10 сәуірге дейін жабылды, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі уақытта ағаштар құлап, бұтақтары сынғандықтан ботаникалық бақтың айналасында жүру қиынға соғып тұр.
"Сондықтан қауіпті ағаштардың құлау мүмкіндігін болдырмау үшін қоғамдық аумақты тазарту, сондай-ақ ағаштардың жағдайын тексеру қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлады бақтың баспасөз қызметі.
Еске салайық, кеше Алматыда жойқын дауыл соқты. Күн күркіреп, найзағай ойнап, нөсер жауын жауды.