Анасы балаларды терезеден лақтырғанда әкесі төменнен күтіп алған.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Бүгін, 9 сәуір күні таңертең Ақмола облысындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан: анасы мен әкесі үш баласын көк түтіннің ішінен құтқарып алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл оқиғадан жергілікті полиция қызметкерлері де құр қалмай, ерлі-зайыптыларға көмектескен.
«Бүгін, 9 сәуір күні таңғы сағат 06:45-те «102» пультіне Центральный шағын ауданының №2Б үйінде қатты түтін шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Көршілердің бірі қоңырау шалып, өрт шыққанын және пәтердің ішіндегі балаларға көмек керек екенін айтқан. Оқиға орнына дереу келген «Әскер 5» автопатрульінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері - Дәурен Түкеев пен Есен Сапар екінші қабаттағы пәтерде үш баласы бар отбасы тұратынын білген. Үйдің отағасы далаға шығып, бірінші қабаттағы үйдің терезесіне шықты. Ал анасы үйден 6 жасар, үш жасар және екі жасар үш баласын бірінен кейін бірін күйеуіне беріп, ал күйеуі балаларды полицияға тапсырып тұрған», - деп хабарлайды полиция.