Нәдір бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.
ERNUR.KZ. Семейлік 11-сынып оқушысы Нәдір Сәбитов кәсібін дөңгелетіп отыр, деп жазады 24.kz.
Нәдір бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Жұмсақ орындықтар тігу жобасы қалалық байқауда жеңімпаз деп танылып, 150 мың теңге грант ұтып алған. Нәдір алғашқы еңбекақысын 6-сыныпта жүріп, интернет сауда арқылы тауыпты. Кейін құлаққап, ұялы телефон жабдықтарын жөндеп көрген. Үнемі ізденіс үстінде жүретін оқушы мектепті аяқтаған соң, білімін жетілдіріп, кәсібін одан да биік деңгейге көтергісі келеді.
«Бұл жұмыстың сабағыма еш бөгеті жоқ, керісінше достарымды кәсіпке баулығым келеді», - дейді іскер бозбала.
Нәдір Сәбитов, кәсіпкер:
— Барлығы жаңа пәтерге көшуден басталды. Ол кезде 10-сыныпта оқитынмын. Өзіме жұмсақ орындық қараймын деп, бағалары жағамды ұстатты. Не болса да тәуекел, неге өзім жасап шығармасқа деп бекіндім. Қазір 3 адамды жұмыспен қамтып отырмын, 2 тігінші және көмекшім бар. Семей ғана емес, облыс тұрғындарынан, тіпті Павлодар сияқты қалалардан тапсырыс түсіп жатыр. Болашақта өнімдерімді күллі Қазақстанға шығарсам деймін.