2019-2020 оқу жылына бөлінетін гранттар саны жарияланды

0
14 114

Үміткерлерге жалпы саны 51 085 грант бөлінді.


2019-2020 оқу жылына бөлінетін гранттар саны жарияланды

2019-2020 оқу жылында жоғары білім алу бойынша мемлекеттік білім беру гранттар саны бекітілді. Үміткерлерге 51 085 грант бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Негізінен гранттар техникалық және педагогикалық салаларға бөлінді.

Мамандықтарға бөлінген гранттар саны:

  1. Педагогикалық мамандықтар - 8276;
  2. Өнер - 1615;
  3. Әлеуметтік мамандықтар (журналистика, ақпарат) - 960;
  4. Бизнес - 1223;
  5. Жаратылыстану мамандықтары- 4088;
  6. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - 5977;
  7. Инженерлік мамандықтар - 15011;
  8. Ауыл шаруашылығы мамандықтары - 1600;
  9. Ветеринарлық медицина - 835;
  10. Қызмет көрсету саласы - 2200;
  11. Дайындық (ҚР азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғаларға) - 2450;
  12. «Серпін» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес - 5109;
  13. Басқалар - 1641.

Гранттар еліміздің білім беру мекемелері арасында таратылатын болады.

2018-2019 оқу жылында Білім және ғылым министрлігі 53 594 грант бөлген.

Медициналық мамандықтар үшін мемлекеттік білім беру грантын Денсаулық сақтау министрлігі белгілейді. Болашақ дәрігерлерге арналған гранттар саны кейінірек белгілі болады.

Қосымша мәліметтерді adilet.zan.kz сайты арқылы біле аласыздар.