2020 жылы 1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі қаншаға өсті

0
3 739

Қайта есептеу автоматты түрде жүргізіледі, ол үшін қандай да бір құжаттарды өткізудің қажеті жоқ.


2020 жылы 1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі қаншаға өсті

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің бастығы Айдынжан Нарматов онлайн-брифинг барысында қайта индексациялау кезіндегі зейнетақы мен жәрдемақылардың жаңа мөлшері туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Басқарманың мәліметінше, Алматы қаласында зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жалпы саны (мүгедектігі бар баланы, асыраушысынан айрылу, көп балалы отбасылар, мүгедектер және басқалары үшін) - 589 177 адам, олардың 230 мыңы - зейнет жасына толғандар. Бүгінгі күні барлығының зейнетақысы мен жәрдемақысы жылдық есеппен 10% -ға көтеріледі.

Жасы бойынша және еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерінің 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін алған көлемі 5 процетке 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап артады. 1 сәуірден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің және басқа да мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері күнкөріс деңгейінің өсуіне және айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты өсті.Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5% -ға өсті. Қазір олар тағы 5% -ға артты, сонда ол 10% құрайды, - деді ол.

Қайта есептеу жүргізіледі, зейнеткерлер мен жәрдемақы алушыларға МЗТО-ға барып, өтініш берудің қажеті жоқ.

Мамыр айында олар зейнетақы мен жәрдемақыларын көтерілген мөлшерде алады, сонымен бірге мамыр айында сәуір айындағы айырмасын да алады, бұл үшін басқа жерге жүгінудің қажеті жоқ, - деді ол.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылардың көлемін жылдық есеппен 10% индекстеу туралы тапсырмасы болғанын еске саламыз.