Павлодардағы арнайы орталықтарда 11 бала зорланған – облыстық омбудсмен

0
158

3 факті бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылды.


Павлодардағы арнайы орталықтарда 11 бала зорланған – облыстық омбудсмен

ERNUR.KZ. Павлодар облысының балалар үйлері мен балаларды қолдау орталықтарында тұратын 11 кәмелетке толмаған қыз бала зорланған, деп жазады Ulysmedia.kz.




Аймақтық Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенова Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі Әтикевпен қараша айында анықталған кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар туралы талқы өткізгенін мәлім етті.

Оның сөзінше, Павлодар облысының балалар үйлері мен балаларды қолдау орталықтарында тұратын 10 жастан 16 жасқа дейінгі 105 тәрбиеленушіге мамандар толық медициналық тексеріс жүргізген. Нәтижесінде, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығының 11 фактісі анықталған.

Оның ішінде 8 факті қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, күдіктілер анықталып, қамауға алынған.

3 факті бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылды.

Сонымен қатар, үй жағдайындағы балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылықтың 2 фактісі анықталған.

Облыстық омбудсмен аталған құқыққа қайшы әрекеттердің барлығы бірнеше жыл бұрын болғанын атап өтті.