4 күн бұрын жоғалған жасөспірімдер ШҚО-дан табылды

0
871

Екібастұзда 17 жасар студент пен 13 жасар оқушы қыз Өскеменге қашып кеткен


4 күн бұрын жоғалған жасөспірімдер ШҚО-дан табылды

ERNUR.KZ. Екібастұзда төрт күн бұрын жоғалған кәмелетке толмаған екі баланы Павлодар облысының жедел қызметкерлері ШҚО-дан тапты, деп жазады Polisia.kz.

6 қыркүйекте Екібастұз полициясына кәмелетке толмаған балалар жоғалғанын айтып, олардың ата-анасы арызданған.

"Сол күні сағат 20.00 шамасында 2007 жылы туған Екібастұз қаласында тұратын оқушы қыз және 2002 жылы туған кәмелетке толмаған колледж студенті үйден кеткені белгілі болды", – дейді полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Арман Сәбиев.

Полиция қызметкерлері дереу бағдар жасап, аумақтық бөлімшелерге жіберді. Кәмелетке толмағандарды іздестірумен полиция қызметкерлері, «Vita» және «Легион 14» бірлестігінің еріктілері және қарапайым азаматтар да айналысты. Бағдарлар барлық жерлерге жабыстырылды.

"Жедел іздестіру кезінде бірнеше нұсқасы тексерілді. Нәтижесінде Павлодар облысының жедел қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының полицейлерімен бірлесіп, кәмелетке толмаған екі жасөпріміді Өскемен қаласындағы қонақ үйлердің бірінен тапты", – деп түсіндірді Сабиев.

Қазіргі уақытта балаларды үйге алып бара жатыр,олар заңды өкілдеріне тапсырылады. Полиция заңды өкілдердің жауапкершілігі туралы мәселені қарастыруда.

Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысының полициясында хабар-ошарсыз кеткен балаларға қатысты 75 өтініш тіркеліп, оның барлығы анықталып, үйіне қайтарылған.