5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

0
399

Тіл – бұл халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі мен даналығын қамтитын бірегей код.


5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

ERNUR.KZ. Қазақстан халқы тілдері күні – елімізде тұрып жатқан этнос өкілдерінің мәдениеті мен тіліне деген құрметтің белгісі.

Бұл мереке бейбітшілікті, халқымыздың келісімі мен бірлігін сақтаудың маңызды екенін білдіреді. Аталған құндылықтар тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі, жалпыұлттық бірегейлігіміздің көрінісі болып табылады.

Тіл – бұл халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі мен даналығын қамтитын бірегей код. Бұл мереке тілдерді үйренуге шабыттандырып, қоғамдық келісімді нығайта берсін.