8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

0
1 662

Ақмола облысында шағын несие беру көлемі 4 миллиард теңгеге ұлғайды


 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

фото: ҚазАқпарат

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттары алдында өткен есептік кездесуінде аймақ басшысы Мәлік Мырзалин атап өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Аймақ басшысының айтуынша, өңірде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша шағын несие беру көлемі 4 миллиард теңгеге ұлғайды.

Оның 1 миллиард теңгеден астамы Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы шеңберінде. Жеңілдетілген несие 800-ден астам адамға берілсе, оның көпшілігі ауыл тұрғындары.

«Қолдау нәтижесі ретінде 3,5 мың адам кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігін алды. Салық түсімі 6 пайызға артты», - деп атап өтті М.Мырзалин.