Әкімдік Алматы карантинге жабылғалы қанша адам қаладан кеткенін айтты

0
791

Блок бекеттер қойылған сәттен бастап қалаға 17 810 көлік кірген, оның ішінде 47 325 адам болғаны хабарланды.


Әкімдік Алматы карантинге жабылғалы қанша адам қаладан кеткенін айтты

ERNUR.KZ. Алматы қаласына блок бекет қойылған уақыттан бастап 27 032 адам қаладан кетті, деп жазады sputniknews.kz.

"Блок бекеттер қойылған сәттен бастап қалаға 17 810 көлік кірді, оның 16 038-ы жеңіл автокөлік, 663 микроавтобус, 1 109 жүк көлігі бар. Ішінде 47 325 адам болған. Алматы қаласының тұрғыны болып табылмайтын 2 374 көлік иесіне қалаға кіруге рұқсат берілген жоқ", - делінген ақпаратта.
Алматы қаласынан 27 032 адам өзге өңірге бет алған.
"Блок бекет қойылған уақыттан бастап 10 772 көлік басқа өңірге бет алған, оның ішінде 27 032 адам болған", - деді әкімдіктегілер.
Сонымен қатар Алматыда он бір көп қабатты үйдің карантинге жабылғаны хабарланды.
Карантинге жабылған үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз дейді қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов.
"Мүмкін кварталдың бәрін емес, бір подъезін ғана қорғайтын шығармыз. Мұның бәрі штатта қарастырылып жатыр. Қандай шешім қабылдайтынымыз туралы Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік комиссиямен ақылдасып жатырмыз", - деді ол.
Айта кетейік, он тоғызыншы наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі енгізілді.
"Карантин он тоғызыншы наурызда енгізілді. Кіріп-шығуға мүлде болмайды. Сыртта жүрген алматылықтарды, Алматыда жүрген өзге аймақтан келген азаматтарды өз үйлеріне шығарамыз деген ойға келдік. Коронавирус қалада болғаннан кейін оны сыртқа шығармау – басты міндет. Мемлекеттік комиссиямен осы мәселені қарастырып жатырмыз",- деді Қожағапанов.
Еске сала кетсек, 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай енгізілген болатын.