Әкімдікке жаңа жұмысы туралы ескертпеген қазақстандық айыппұл арқалады

0
509

Тасқала аудандық соты такси жүргізушісі жұмысы жергілікті атқарушы органды хабардар етуден басталатынын еске салды.


Әкімдікке жаңа жұмысы туралы ескертпеген қазақстандық айыппұл арқалады

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны такси жүргізушісі болып жұмыс істеген, алайда бұл туралы әкімдікке ескертпеген. Осыған сәйкес "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы заңның 17-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес айып тағылды, деп жазады stan.kz.

Тасқала аудандық соты такси жүргізушісі жұмысы жергілікті атқарушы органды хабардар етуден басталатынын еске салды. Такси тасымалдаушысы қызметін жүзеге асыру үшін тиісті хабарлама жіберу қажет.

Заңнама талаптарын орындамаған жағдайда кінәлілер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы 1-бөлігінде (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) көзделген жауапкершілікке тартылады. Кінәлі деп танылғандарға 15 АЕК, яғни 55 380 теңге көлемінде айыппұл салынады.

"Аталған іс бойынша М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, баптың санкциясы шегінде жаза тағайындалды", – деп хабарлады сот.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.