Енді кез келген адам ИП аша алмайды

0
222

Енді жеке кәсіпкерлікті тіркеу процесі қатайтылатын болады.


Енді кез келген адам ИП аша алмайды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мәжілісте жаңа Салық кодекстін таныстырған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Оның сөзінше, енді жеке кәсіпкерлікті тіркеу процесі қатайтылатын болады.

Бізде тиісті нормалар дайын - бұрын құқық бұзушылық жасағандар мен қосымша белсенді емес жеке кәсіпкерлер үшін жаңа жеке кәсіпкерлік (ИП – ЖК) ашу процесі қиындатылады, - деп атап өтті вице-премьер.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚҚС бойынша шекті мөлшерді төмендетсек, бюджетке 400 млрд теңге шығын келетіні туралы жазғанбыз. "Сән-салтанат салығы" деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салу туралы да айтылды. ҚҚС мөлшері қанша болатыны да белгілі болды.