Президент қаруланудың жаһандық жарысының күшеюі биологиялық қаруға қатысты қадағалау жүйесін іске қосудың қажеттігін өзекті етіп отырғандығын атап өтті.
ERNUR.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ елдерін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру ісіне қолдау білдіруге шақырды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Экстермизм, терроризм, сепаратизм және рухани құндылықтардың девальвациясына қарсы іс-қимылда біздің халықтардың жасампаз әлеуетін жұмылдыру үшін ШЫҰ мемлекеттерінің бірігей мәдени мұрасын дамыту маңызды. Сондықтан біздің ұйым үшін мерейтойлық алдағы жылды ШЫҰ мәдениеті жылы деп жариялауды қолдаймыз», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент қаруланудың жаһандық жарысының күшеюі биологиялық қаруға қатысты қадағалау жүйесін іске қосудың қажеттігін өзекті етіп отырғандығын атап өтті.
«Баршамыз биотерроризмнің қатеріне байланысты тәуекелдерді жақсы түсінеміз. БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясы барысында Биологиядық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құруды ұсынған едім. ШЫҰ бойынша әріптестер тарапынан бұл мәселеде қолдау болатынына сенім артып отырмын», - деді Қ. Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында.
Еске сала кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы айтты.