Мигранттар ел астанасы Сан-Хоседен Панама шекарасы маңындағы лагерге жіберілді.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Коста-Рика Трамп әкімшілігі АҚШ-тан депотациялаған алғашқы 200 мигрантты қабылдады. Олардың арасында қазақстандықтар бар, деп жазады zakon.kz.
"Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, мигранттар ел астанасы Сан-Хоседен Панама шекарасы маңындағы лагерге жіберілді.
Оларға мұнда бір ай қалуға рұқсат етілген.
Осы уақыт ішінде мигранттарды отандарына өз ерікімен қайтару мәселесі қарастырылуы керек.
"Миграция кеңсесінің қарарына сәйкес, Коста-Рика мигранттарды 30 күн ішінде өз еркімен туған еліне қайтаруға міндетті. Депортацияланғандар ішінде 3 қазақстандық, 17 ауғанстандық, 30 өзбекстандық, 26 қытайлық және тағы басқалар бар."Омер Бадилла, миграция агенттігінің бас директоры