Владимир Зеленский мен Дональд Трамп Римде кездесті

0
731

​Зеленский жақсы кездесу болғанын айтты


фото: T.me / V_Zelenskiy_official

ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен кездесті. Бұл туралы украиналық президенттің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров жазды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Олар Италияға Рим Папасы Францисктың жерлеу рәсіміне қатысу үшін барған. Никифоровтың айтуынша, Трамп пен Зеленский Әулие Петр Базиликасында кездесіп, шамамен 15 минут әңгімелесті.

«Көшбасшылар келіссөздерді бүгін жалғастыруға уағдаласты. Екі тараптың командалары кездесуді жалғастыруды ұйымдастыру үстінде», – деді Никифоров.

Әлеуметтік желілерде олардың сөйлесіп тұрған сәтінен фотосуреттер де жарияланды. Кейін Владимир Зеленский Дональд Трамппен болған кездесуді жеке өзі де бағалап өтті.

«Жақсы кездесу болды. Бір-бірімізбен маңызды тақырыптарды талқылап үлгердік. Біз үшін басты мақсат – халқымыздың өмірін қорғау, атысты толық және сөзсіз тоқтату, сондай-ақ соғыстың қайталануына жол бермейтін сенімді әрі ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату. Үмітіміз бар», – деп жазды Зеленский.