Ақша талап еткен қыз жігітті соққыға жыққан: Алматы полициясы видеодағы адамдарды тапқанын хабарлады

0
428

Тексеру барысында заңсыз әрекетті жасаудың мән-жайы анықталады.


Ақша талап еткен қыз жігітті соққыға жыққан: Алматы полициясы видеодағы адамдарды тапқанын хабарлады

ERNUR.KZ. Желіде қыздың жігітті ұрып жатқаны түскен бейнежазба пайда болды. Видеоға қарағанда, қыз одан ақша талап етсе керек, деп жазады stan.kz.

"Жабылып, бір қызды сабаған Талдықорған қаласының жасөспірімдері туралы оқиға қайта жалғасты. Бізге Құндыз есімді қыздың жігітті ұрып-соғып, ақша талап етіп жатқаны туралы видео жіберді", – делінген Telegram арнадағы мәліметте.

Ішкі істер министрлігі аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданы полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Тексеру барысында заңсыз әрекетті жасаудың мән-жайы анықталады. Сонымен қоса Алматы қаласындағы колледждердің бірінде оқитын 2005 жылы туған азамат Б.-ның ювеналдық полицияның есебінде тұрғанын мәлімдейміз. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау фактісі бойынша қыздың анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша материал жиналды", – дейді полиция.