Ақтауда базардан өрт шықты

0
762

Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз.


Ақтауда базардан өрт шықты

ERNUR.KZ. Ақтауда 23-шағынаудандағы "РусКаз" базарында өрт шықты, деп жазады Tengrinews.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, кеше сағат 23:00 шамасында базарда алты бутик өртенген. Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз.

"11 қарашада Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне 23-шағынауданда алты бутик өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру үшін 5 бірлік техника мен 30 адам жұмылдырылған", - деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.