Ақтауда екі иттің "үйлену тойы" өтті (видео)

0
501

"Тойдың" видеосы әлеуметтік желіде тарады.


Ақтауда екі иттің

ERNUR.KZ. Ақтаудағы мейрамдағы бірінде екі иттің "үйлену тойы" өтті, деп жазады stan.kz.

"Тойдың" видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, иттердің есімдері Марсель мен Матильда. Видеодан жануарлардың иесінің қызыл кілемде, отшашулар арасында, "жас жұбайлармен" билеп жатқанын көруге болады.

Видеоға жазылған пікірлерде “тойға” әзілмен жауап бергендер де, айыптаушылар да бар.

“Төрт аяқты иттердің тойына, екі аяқты иттерде келіпті ғой; Басқасы басқа енді киелі Маңғыстауда мынандай келеңсіздік қате енді масқара; Жиіркенішті... Айтарға сөз жоқ. Ақшаң тасып бара жатса жетім жесірлерге көмектес; Бұларды жауапқа тарту керек. Ендігі жетпегені осы еді”, – делінген пікірлерде.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында ер адамның итті тірідей өртеп жібергені туралы жазған едік.