Бес жастағы қыз бірден ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Ақтауда бала жетектеген келіншекті жаяу жүргіншілер жолында көлік қағып, әйел оқиға орнында қаза тапты. Оның бес жастағы қызы бірден ауруханаға жеткізілген, деп жазады Экспресс К.
Қайғылы оқиға 20 желтоқсан күні түнгі сағат 23:45 кезінде болды. Ақтау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне шақырту түсіп, 16 және 19 ықшаумаудан арасындағы жолда оқиға болғаны туралы хабарланған.
"Toyota Land Cruiser" көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында балалы әйелді қағып кетті. 29 жастағы әйел оқиға орнында алған жарақатынан қаза тапты. Оның бес жастағы қызы Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бірақ бүлдіршін есін жимастан қайтыс болды. Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 345 бабының 4 тармағы бойынша іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 128 бабы бойынша Toyota Land Cruiser жүргізушісі уақытқа ұстау изоляторына қамалды", — деп пікір білдірді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.