​ Ақтауда үш жасар қызын өлтірген әйел үкімді жеңілдетуді сұрады

0
457

Қанды оқиға 2022 жылдың 4 қаңтарында болды. Әйел қызын ұрып, итеріп жіберген.


​ Ақтауда үш жасар қызын өлтірген әйел үкімді жеңілдетуді сұрады

ERNUR.KZ. Ақтауда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел сот үкіміне шағым түсіріп, жазаны жеңілдетуді сұрады. Әйел сегіз жылға сотталған, деп жазады Stan.kz.

Әйелдің қорғаушысы қылмыстық істі "Абайсызда кісі алып келу" бабы бойынша қарауды сұраған. Сәйкесінше Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер бойынша алқасы баланың денсаулығына қасақана зиян келтіру салдарынан абайсызда өлімге алып келген қылмыстық істі аппеляциялық тәртіпте қайта қарады.

"Бірінші сатыдағы сот үкімі бойынша әйелге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкімге жәбірленушінің заңды өкілі, сотталған адам және оның адвокаты апелляциялық шағым жасады. Сотталушының қорғаушысы істі Қылмыстық кодекстің 106-бабы (абайсызда адам өліміне алып келу) бойынша қайта қарауды сұрады", – делінген сот хабарламасында.

Алайда сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімінің заңды және негізді шығарылғанын алға тартып, үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.

Еске салайық, қанды оқиға 2022 жылдың 4 қаңтарында болды. Әйел қызын ұрып, итеріп жіберген. Бала ішімен үстелдің қырына соғылып, гематома пайда болған. Бұған қарамастан әйел баласын бірнеше күннен соң тағы да ішінен ұрып, үйде қалдырып кеткен. Қыз бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан көз жұмды.