Ақтаудағы полицейді өлтіру ісі: оқиғаның видеосы жарияланды

0
503

Кісі өлтірген күдікті қамауға алынды. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, ол қаладағы танымал футболшы.


Ақтаудағы полицейді өлтіру ісі: оқиғаның видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. Ақтауда 3 тамызға қараған түні 17-ықшамауданда пышақтап өлтірілген 26 жастағы полицейдің ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бейресми ақпарат бойынша, тәртіп сақшысы сыныптастар кездесуінде танысымен жанжалдасып қалған. Ол жанжал кезінде пышағын алып, полицейді мойнынан жаралаған. Полицей ауруханада есін жимастан қаза болды.

Желіде марқұмның өмірінің соңғы минуттары түсірілген видео тарады. Кадрда жанында тұрған ер адам жәбірленушінің жарасын таңып жатқанын көруге болады. Қайтыс болған полицейдің артында әйелі мен екі баласы қалды.

Кісі өлтірген күдікті қамауға алынды. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, ол қаладағы танымал футболшы.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау қаласы ювенал полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторын пышақтап өлтірген күдікті ұсталғаны хабарланған болатын.