Ақтөбе облысында жетінші сынып оқушысы өлі табылған

0
1 081

Білім басқармасының дерегінше, оқушылармен де, үйдегі ата-анасымен де ешқандай мәселе болмаған.


Ақтөбе облысында жетінші сынып оқушысы өлі табылған

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жетінші сынып оқушысы өз-өзіне қол салған. 13 жастағы баланы жақындары сарайда асылып тұрған жерінен тапқан, деп хабарлайды Astana арнасы.

Қайғылы жағдай Алға ауданы Қайындысай елді-мекеніндегі өзі үйінде болған. Асылып қалған жасөсірім сол ауылға қыркүйектің басында ғана Алматы облысынан көшіп келген. Бала жаңа мектепке үш күн ғана барып үлгеріпті.

- 12 қыркүйек күні түскі уақытта Алға ауданы Қайындысай елді мекенінде анасы өз баласын дарға асылып тұрған өлі денесін тауып алған. Бала 2006 жылғы. Жанұя толық. Қазіргі таңда осы дерек бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілуде, - дейді Ақтөбе облыстық пд баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ол шағын мектепке қабылданған. Білім басқармасының дерегінше, оқушылармен де, үйдегі ата-анасымен де ешқандай мәселе болмаған. Ал сол күні сабақтан келе малды жайғамақ болып сыртқа шығып кетіпті.

- Бала жетінші класста оқиды. Мектеп шағын комплектілі мектеп. Бір класта бар болғаны үш бала ғана оқиды. Яғни жаңа келген балаға бір өзінің сыныптастарымен кикілжің бір қақтығыс түсініспеушілік сияқты оқиға мүлдем болмаған және өз отбасындада ата-анасымен кикілжің орын алмаған, - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұлгүл Бертілеуова.

Жасөсірімді мұндай қадамға не итермелегені белгісіз. Дегенмен психологтардың өз болжамы бар.

- Бұл жерде түрлі факторлар болуы мүмкін. Ең әуелі баланың ата-анасының үмітін ақтамадым деген ішкі жан дүниесіндегі үрей. Өз қатарластырынан қандайда бір қысым болуы мүмкін. Қазір балалардің жан дүниесі өте нәзік. Олар әрбір сөзді көңілге алады, - дейді психолог Ирина Украинцева.

Асылып қалған жасөсірім отбасынның тұңғышы. Оның артынан ерген үш қарындасы бар. Қайғылы жағдайдан кейін қара жамылған отбасы Алматы облысына қайта қоныс аударып үлгерген.