Алдағы күндері Қазақстанның үш қаласында қар жауады

0
1 362

Синоптиктер ауа-райы болжамын ұсынды.


Алдағы күндері Қазақстанның үш қаласында қар жауады

ERNUR.KZ. Синоптиктер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына 20-22 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп жазады zakon.kz.

Нұр-Сұлтан

20 қазанда көшпелі бұлт, жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік бағыттағы жел 3-8 м/с, ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 15-17 жылы.
21 қазанда көшпелі бұлт, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 8-10 градус жылы болады.
22 қазанда көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 0 градус, күндіз 2-4 градус жылы болады.

Алматы

20 қазанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 19-21 жылы.
21 қазанда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады, күндіз екпіні 10 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 16-18 градус жылы болады.
22 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынды, түнде қатты (жаңбыр, қар). Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады, екпіні 10 м/с, ауа температурасы түнде және күндіз 3-5 градус жылы, одан әрі төмендейді.

Шымкент

20 қазанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 20-22 градус жылы болады.
21 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынды, күндіз қатты (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с , ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 12-14 градус жылы болады.
22 қазанда көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 8-10 градус жылы болады.