Алдағы үш жылда Ұлттық қордан алынатын қаражат көлемі белгілі болды

0
156

Ол жылына 2 трлн теңге деп белгіленіп отыр.


Алдағы үш жылда Ұлттық қордан алынатын қаражат көлемі белгілі болды

Фото: canva.com

ERNUR.KZ. Сенат Мәжіліс қабылдаған Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңды мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров заң жобасы Бюджет кодексінің ережелеріне негізінде әзірленгенін айтты.

"Кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес анықталған. Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 доллар, 2026-2027 жылдары барреліне 41 және 39,4 доллар деңгейінде белгіленген. Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды. Жоспарлы кезеңде Ұлттық қордың таза валюталық активтері болжам бойынша 2025 жылы – 62,2 млрд доллар, 2026-2027 жылдары 69,9 және 78,7 млрд доллар құрайды", - деді ведомство басшысы.

Министр заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттің теңгерілімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп отыр.

Тиісті заң Президентке жолданады.