Әлихан Смайылов "Қазақстан" шахтасында қаза тапқандардың жақындарымен кездесті

0
1 157

Қазір шахтада екі кеншіні іздеу жалғасып жатыр.


Әлихан Смайылов

ERNUR.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан және жоғалған кеншілердің туыстарымен кездесті, деп жазады tengrinews.kz.

Қазір шахтада екі кеншіні іздеу жалғасып жатыр. Кездесу барысында жоғалған адамдардың жақындары кеншілердің қашан табылып, жер бетіне шығарылатыны туралы сұрады. "Неліктен олар әлі табылмай жатыр. Үш күн өтті, менің балам қайда?", - деп сұрады туыстары.

Смайылов барлық қажетті шара қабылданып жатқанын айтты.

"Қазір ол жерде адамдар үш ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Іздеу жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Сонымен қатар, өртті сөндіру де жүріп жатыр", - деді ол.

Премьер-министр барлық кінәлі жазаланатынын атап өтті.