Алматы қаласында коронавирустан бір адам қайтыс болды

0
553

Марқұм 1960 жылы дүниеге келген.


Алматы қаласында коронавирустан бір адам қайтыс болды

Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Марқұм 1960 жылы дүниеге келген. Науқас 8 сәуірден бастап жүрек-өкпе жеткіліксіздігі, кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты ауыр халде Орталық қалалық клиникалық ауруханасында емдеуде провизорлық бөлімшесінде емдеуде болды. Алынған талдаулары оң нәтиже берді.

Індеттен барлығы 17 адам қайтыс болды:

Нұр-Сұлтан қаласы – 2

Алматы қаласы – 3

Шымкент қаласы – 3

Ақмола облысы – 4

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Қарағанды облысы – 1

Қостанай облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Түркістан облысы – 1