Осы демалыс күндері алматылықтар сізді қолында кітаппен қоршап алса, оған сіз таң қалмаңыз. Бұл дегеніміз Алматыда ертең 2019 жылдың 5 қазанында Джейн Остин атты жаңа буккроссинг (тегін кітап алмасу) аймағының ашылуына байланысты.
ERNUR.KZ. Буккросинг- бұл басқаша айтқанда, кітап алмасу. Процесстің жүргізілуі осылай болады: сіз бұрын оқыған кітаптарыңызды алып, оларды ашық буккроссинг аймағына апарасыз. Ол жерден сіз оқыған кітабыңызды қалдырып орнына жаңа, таныс емес кітаптарды алуға болатын шкафтардың сөрелерін таба аласыз. Барлығы да тегін, деп жазады Qamshy.kz.
Алматы қаласында сағат 16: 00-де Кабдолова 1 мекен-жайы бойынша Гранд Парк сауда орталығының аумағында (блок 10С, тамақ алаңы) тегін кітап алмасу аймағының ашылуы өтеді.
Ашылу аясында үлкен кітап алмасу акциясы өтеді, ол жерде әркім өз қалауы бойынша кітаптарды әкеліп және басқаларға айырбастай алады.
Осындай іс-шаралар бұған дейін Қазақстанның 8 қаласында өтті. Барлығы 17 қалада 57 жаңа буккроссинг аймағының ашулуы жоспарлануда. Акция негізінде Қазақстанда жарияланған Жастар жылына арналған.
Жобаны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық қаржыландыруы аясында «Social Development Center» қоғамдық қоры жүзеге асырады.