Көлік министрлігі Ақтөбе-Мәскеу пойызының жүруіне қатысты сұраққа пікір білдірді.
ERNUR.KZ. Мәскеу пойызының бағытын қайтару жоспарланып отыр ма? Көлік министрлігі жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.
Ведомство Ресей темір жолымен келіссөз жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Алматы-Мәскеу пойызының жүруіне қатысты. Жолаушыларды Алматыдан Мәскеуге дейін тасымалдауды қамтамасыз ету үшін No7/8 Алматы- –Саратов жедел пойызының бағытын Мәскеу станциясына дейін ұзарту бойынша Ресей темір жолымен жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ, Көлік министрлігі Ақтөбе-Мәскеу пойызының жүруіне қатысты сұраққа да пікір білдірді.
"Алматы-Мәскеу N 7/8 жедел пойызының бағытын жоспарланып отырған қайта бастауға байланысты: Ақтөбе-Мәскеу пойызын ұйымдастыру жоспарланбаған", - делінген ведомствоның жауабында.