Үкімет 128 салық жеңілдігін алып тастауды ұсынды

0
199

Салық жеңілдіктері - мемлекет салық төлеушілердің белгілі бір санаттарына беретін салықтан толық немесе ішінара босату.


Үкімет 128 салық жеңілдігін алып тастауды ұсынды

Серік Жұманғарин. Фото:primeminister.kz

ERNUR.KZ. Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет 1,3 триллион теңгеден аса сомаға 128 салық жеңілдігін алып тастауды ұсынып отырғанын мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы вице-премьер Мәжіліс отырысында бірінші оқылымда жаңа Салық кодексі жобасын талқылау барысында мәлімдеді.

"Бұл мәселеде неғұрлым ашық жүйе құрылады және салық жеңілдігін беру, ұзарту және қысқарту шарттары белгіленеді", - деді Жұманғарин.

Сонымен қатар, Үкімет ҚҚС 16 пайыз болады деп күтеді (қазір 12 пайыз - еск.). ҚҚС бойынша шекті 40 миллион теңге мөлшерінде анықтау ұсынылып отыр.

Салық жеңілдіктері - мемлекет салық төлеушілердің белгілі бір санаттарына беретін салықтан толық немесе ішінара босату.

Мысалы Қазақстанда мұндай жеңілдіктер ауыл шаруашылығы өндірушілері мен кооперативтері үшін қолданылады.