Алматы облысында 10-сынып оқушысы көз жұмды: досы артынан суицид жасады

0
751

Дастанның жан досы Мирас 11 сәуірде 1 жас үлкен баланың қолынан қайтыс болды.


Алматы облысында 10-сынып оқушысы көз жұмды: досы артынан суицид жасады

ERNUR.KZ. Алматы облысының Кеген ауданындағы Саты ауылында 10-сынып оқушысы көз жұмған болатын. Артынан оқушының досы суицид жасады, деп жазады sputnik.kz.

Дастан Байтұрсын 10-шы сыныпта оқыған. Досы марқұм Мирас Әскербаймен 10 жыл бойы бір сыныпта оқып, бір партада отырған, жан достар.
"11 сыныптың оқушысы 11 сәуір күні бірінші менің баламды ұрған, екінші Әли Талап, үшінші Мирас Әскербайды ұрған. Мирас құлағанда менің балам жүгіріп барып көрші жігітті шақырады, ол медбикені шақырған. Бірақ Мирас тілге келместен қайтыс болды. Содан ауданға полицияға тасыды. Келген соң ұлымды мешітке апарып, дем салдырып, ырымын жасадым. Мирасты жерлеу рәсімінде жап-жақсы жүрген", - дейді марқұм Дастанның әкесі Нұрлыбай Байтұрсын.
Әкесінің айуынша, Дастан мектепте жиналысқа қатысып, көңілсіз оралған.
"Балам мектепке жиналысқа қатысып келді, бірақ көңілсіз оралды. Сұрап едім ешнәрсе айтпады. Балам көкпаршы еді. Асауды мінемін, ары-бері жүріп келемін деді. Біраз жүріп келді. Түнгі 11 де атты орнына қоямын деп шығып кетті. Сәл ұзақ боп кеткеннен кейін телефонына звондасақ, телефоны үйде қалыпты. Түнгі сағат 23:15 шамасында тауып алдым. Кеш қалғанымды білдім. Баламның басын құшақтап опер группа келгенше отырдым, есімнен танып қалдым. Түнгі үш жарым төртте баламның сүйегін алып кетті", - дейді Нұрлыбай Байтұрсын.
Дастан Байтұрсын бала күнінен асауды жуасытып жүрген шабандоз болған. Үйдің тірлігін де үлкенге айтқызбай-ақ дөңгелетіп жүрген баламен, тіпті әкесінің өзі ірі шаруаны ақылдасып шешетін болған. Нұрлыбай ағаның 6 ұл 2 қызы бар.Ұапыда айырылған ұлының қайғысы әкенің қабырғасын қақыратып жіберді. Дастанның денесі сенбі күні жер қойнына тапсырылды.
Еске сала кетейік, Дастанның жан досы Мирас 11 сәуірде 1 жас үлкен баланың қолынан қайтыс болды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, 10 және 11-сынып оқушылары арасында өзара кикілжің туған. Жоғарғы сынып оқушылары "үлкендік" жасап, мәселені шешу үшін кешке 10-сыныптың оқушыларын өзен бойына кездесуге шақырады. Сол жерде болған балалардың айтуынша, күдікті марқұмның кеуде тұсынан ұрған, ол шалқалап барып құлаған. Жасөспірімді қасында тұрған балалар тұрғызбақ болған. Алайда Мирастың жүрегі тоқтап қалған.